AA+
AA+

Шығыс өңірінде 2022 жылдын аяғы мен 2023 жылдын басындағы ауа райынын тұрақсыздығы жабайы жануарларғада өз әсерін тигізуде .Ауа райы боранды болып, тауда қар қалың жауып жабайы аңдардын қоректенуіне кедергі келтіруде.Жабайы аң құстардын қыс айларында  қоректендіру жұмыстары Катонқарағай МҰТП аумағында жылдағыдай жоспарға сай атқарылуда.Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылғы 10-қантардағы  №27-3-11/46 И хатына сәйкес Катонқарағай МҰТП бойынша жабайы аң құстарды азықтандыру бойынша  13 қантар 2023 жылы №02-11/6 Ө бұйрығы  шығарылып орманшылықтарға таратылды.Жабайы аңдар жүретін жерлерге  жасалған оттықтарға  шөп салынып,бейнектер ілінді.Арнайы жасалған азықтандыру алаңдарына тұз,жем салынуда.Айналым инспекторлары өзіне бекітіліп берген  аумақтарда жоспарға сай биотехникалық іс шаралар жұмыстарын атқаруда. Орманшылықтар атқарылған іс шаралар бойынша апта сайын есебін бөлімге тапсыруда.Жаз айларында жасалынған биотехникалық іс шаралар жұмыстары қыс айларында жабайы аңдарды қоректендіруге жұмсалады.Қыс айларында жабайы аңдарды қоректендіру үшін жасалған биотехникалық іс шаралардын маңызы өте зор.Жабайы аңдарды қоректендіру жұмыстары наурыз айына дейін жалғасады. Табиғат көркі аң құстарды қорғау баршамыздын ортақ міндетіміз.

Катонқарағай МҰТП саяткер-биолог Е.Муратов