AA+
AA+
Кеше, Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның «Ауаның ластануы экологиялық қауіпсіздікке төнеген қатер» тақырыбына арналған көшпелі отырысында аттас баяндамамен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сөз сөйледі. Министр атап өткендей, «Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету» орнықты даму саласындағы 11-мақсат бағыты бойынша Экология кодексі шеңберінде бірінші санаттағы объектілер үшін шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу міндетті болып табылады. Отырысқа Катонқарағай ұлттық паркінің бас директоры Жанболат Тыныбеков қатысты, парк аумағындағы экологиялық туризм тақырыбында презентация ұсынып, оның дамуына кедергі болып отырған мәселелер жайлы баяндама жасады.