AA+
AA+

"Қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген адамдардың «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні»  кәсіби мерекесі.
Бүгін Катонқарағай ауылының мәдениет үйінде ауданымыздың орман шаруашылығын дамытуға және сақтауға қосқан зор үлесі, жоғары кәсібилігі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Катонқарағай ұлттық паркінің бір қатар қызметкерлері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының м.а. Д. Тұрғанбаевтан төс белгілері, құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен; Катонқарағай ауданының әкімі Д. Қалиқаннан мадақтамаларымен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының орман шаруашылығына қосқан үлесімен көпжылдық еңбегі, әрі кәсіби мереке қарсаңында ұсынылған құрмет грамотасымен
және Катонқарағай ұлттық паркінің бас директоры Ж. Тыныбековтың мадақтамаларына ие болды.