AA+
AA+
Түлкі ең ажарлы жыртқыш аңдардың бірі. Терісінің реңі қызғылт сары, құйрығы ұзын әрі жүндес, тұмсығы ұзын әрі жіңішке, ал көздерінен ақыл әрі айлакерлік аңғарылады.Түлкі – тамаша аңшы. Байқампаздық пен зеректілікпен қатар, түлкінің есте сақтау, иіс сезу қабілеті күшті және ол сақ құлақ. Мысалы, сұр тышқанның шиқылын 100 м қашықтықтан естиді. Жыртқыш аң ретінде түлкі түрлі жануарларды қорек етеді.  Ол тышқандарды, қояндарды, ор қояндарын, қосмекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды сүйсініп жейді, жауыннан кейін шұбалшаңдарды қазып алады, өзендерде балық пен шаян аулайды. Бірақ бұл жануардың ең сүйікті тағамы – құстар.Түлкілердің жүктілігі 51-52 күнге дейін созылады. Еркегі ін қазуға көмектеседі, ұрғашысы жаңа туылған мыршайларын әлі қалдырып кете алмаған жағдайларда оны қоректендіреді, жас мыршайларды асырау міндеттемелерін бөліседі. Мыршайлар көбінесе сәуірдің соңында немесе мамырдың басында дүниеге келеді.
Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің саяткер -биологы А. Базилов.